
АҒЫЛШЫНДАР «KAZAKH PIANO QUEEN» ДЕП ҚҰРМЕТТЕЙДІ
Жуырда қазақстандық-британдық пианист Дина Дүйсен Еуропаның ең көне әрі белді жоғары оқу орындарының бірі – Лондондағы Корольдік музыка академиясында (Royal Academy of Music) оқытушы қызметіне орналасты. Кезінде дәл осы өнер ордасында білімін шыңдау үшін арнайы шақыртылған Дина Лондонда тұрып жатқан он екі жыл ішінде батыстағы талғампаз қауымды өнерімен тәнті еткені соншалық, шетелдіктер оны өз атынан гөрі «Kazakh Piano Queen» деп атауды құп көреді. Жат жұртта қазақтан шыққан